Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫПӘНІ ШЕҢБЕРІНДЕ «ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ ДӘРІС САБАҒЫ

2018 жылғы 19 ақпанда жоспарға сәйкес күндізгі оқу факультетінің 1 Б курс 101-102 – оқу топтарының курсанттары арасында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Л.М.Туребекованың  ашық дәріс сабағы өткізілді.

Дәріс Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнінен «Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары»тақырыбында өткізілді.

Ашық дәріс сабағында 2 сұрақ қарастырылды:

  1. Қылмыстық процестің міндеттері;
  2. Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәні.

Дәріс сабағына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, күндізгі оқу факультетінің және оқу-әдістемелік орталықтың оқытушылары қатысып, дәрістің әдістемелік деңгейде өтуін мұқият бақылады.

Ашық сабақты өткізу барысында Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жаңғыртуға, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған; қылмыстық процесте, соның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту арқылы бәсекелестікті күшейту, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын кеңейтуге байланысты сұрақтар қарастырылды.

Ашық сабақ аяқталғаннан кейін оқу-әдістемелік орталықтың оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А.Сағынтаеваның басшылығымен талқылау жүргізілді.

Дәріс сабағы 50 минутқа созылды. Дәріс сабағының мақсаты, мәні және мазмұны толық көлемде ашылды.  

 

ҚПжКриминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Л.М.Туребекова

 

 
02030099