Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы облыстарының полиция департаменті лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге өткізілген “Діни экстремизм мен терроризмнің мәні. ІІО қызметкерлерін терроризмге және діни экстремизмге қарсы күресте психологиялық қарсы тұруға дайындау» тақырыбындағы ашық сабақ

2019 жылғы 25  мамырда жалпы білім беру пәндері кафедрасы апталығының аясында кафедра бастығы полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова біліктілігін арттыру курсының  тыңдаушылары Республика облыстарының полиция департаменті жүйесінің лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімшелерінің қызметкерлерімен «Арнайы дайыңдық» пәнінен пәнінен «Сущность религиозного экстремизма и терроризма. Подготовка сотрудников ОВД к психологическому противостоянию в борьбе с терроризмом и религиозным экстремизмом» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.

Оқытушы сабақ тақырыбының өзектілігіне назар аудара отырып, профайлинг психотехнологиясының тарихы мен пайдалану мүмкіндіктері туралы және қоғам өмірінің түрлі салаларында лаңкестік пен экстермизді алдын алуда ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі оны пайдалануы туралы айтып кетті. Тыңдаушылар оқытушымен бірігіп профайлингтің үш маңызды сұрағына жауап берді: Қайда бақылау керек? Қашан бақылау керек? Нені бақылау керек? Кәсіби жағынан маңызды психологиялық қасиеттерді есте сақтауды, мұқият баулуды дамыту мақсатында тыңдаушыларға келесі тапсырмалар ұсынылды: мінезді анықтау, мимика мен ым бойынша адамның эмоционалдық жай-күйі мен ниеттерін анықтау, көру жадын дамытуға арналған тапсырмалар /маскалау жағдайында бетті тану/, есту жадыны дамытуға арналған, тапсырмалар. Сонымен қатар, түрлі көлемдегі мәліметтерді есте сақтау бойынша ұсыныстар берілді.Тыңдаушыларға профайлингтің психотехнологиясын қолданудың арнайы қабілеттері мен дағдыларын дамытуға арналған арнайы әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Осылайша оқытушымен қойылған оқу, даму және тәрбие мақсатына жетті.

Сабақ соңында институттың оқу-әдістемелік орталығының аға инспекторы полиция майоры А.Сагинтаеваның төрағалығымен сабаққа қатысқан оқытушылар арасында сабақты талқылау ұйымдастырылды. Жалпы оқытушылар сабақты  жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп бағалады.

ЖББП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

А.Ф. Саттарова

 
04