2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында заңға мойынсұнатын азаматты қалыптастыруға бағытталған құқықтық сауаттылықты, бірыңғай құқықтық ағарту жүйесін қалыптастыру мақсатында 2 «А» курс бастығының орынбасары полиция капитаны С.П. Оразғалиев пен полиция кіші сержанттары Ж.Өмірзақовтың, А.Толыбаеваның, И.Баситованың қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 КММ мектеп гимназиясы мен №5 ЖББО КММ мектебіне барып, 11-сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Бұл кездесуде біздің курсанттар бітіруші түлектерге құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыстарының маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына Елбасымыздың Қазақстан халқына жіберген соңғы Жолдауына сәйкес келер жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандығын жеткізді.
2 «А» курсы бастығының орынбасары
полиция капитаны
С.П.Оразғалиев