2019 жылғы 26 маусымда 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі Сайтбеков Айдар Мүтәлікұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе қаласы бойынша филиалының директоры Садуакасова Саида Әсетқызы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөле отырып, достық байланыстарды нығайтуға және ІІО бөлімшелері үшін жоғары білікті персоналды даярлауды жетілдіруге, сондай-ақ басшылық құрамның кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға үлес қосуға бағытталған.
Меморандумды іске асыру бойынша алғашқы қадам – «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында ұйымдастырылған семинар-тренинг болып табылады, ол 26-28 маусым аралығында үш күн бойы институт қабырғасында өтеді. Семинарға аумақтық Полиция департаменттері басқармаларының басшылары мен орынбасарлары, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады.