Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 24 қазанында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі З.З.Нұрыш Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ 2 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 09.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында З.З. Нұрыш Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша баяндама жасап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттерін атап өтті. Сонымен қатар ол Жолдауда білім беру жүйесіне, атап айтқанда, жоғары білім сапасына ерекше орын берілгенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге өзінің Жолдауында 2020 жылы «Волонтер жылы» болып жариялануына байланысты әлеуметтік қолдау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа жүйелі күрес, түлектерді жұмысқа орналастыру және еріктілік қызметті одан әрі дамыту туралы айтылды. Оның мақсаты — азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен білім алушылардың еріктілік іс-шараларға қатысуын арттыру, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу соңында З.З.Нұрыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы біздің мемлекетіміз үшін тарихи құжат, бұрын қойылған мақсаттар мен міндеттердің сабақтастығын ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін терең ойластырылған стратегия болып табылады деп қорытындылады.
Сондықтан біз әрбір қазақстандықтың реформалардың мәні мен олардың ел үшін маңыздылығын нақты түсінуі үшін студенттер арасында түсіндірулерге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жолдауды тиімді жүзеге асыру күштердің шоғырлануын және жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Отырысқа қатысушылар білім беру жүйесін жетілдіру, балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау шараларын талқылады.
ЖҚП кафедрасының доценті
полиция подполковнигі
З.Нұрыш