2017 жылдың 29 қарашасында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен РФ ІІМ Барнаул заң институтының арасында білім және ғылым әрекеттестігі көлемінде қарым – қатынас туралы Хаттамасы негізінде, РФ ІІМ Барнаул заң институтының курсанттарына онлайн – дәріс өткізілді.
Онлайн – дәріс «ҚР тергеу судьясының құқықтық өкілеттіктері» тақырыбы бойынша өткізілді.
Дәріс сабағына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы және күндізгі оқу факультетінің қызметкерлері қатысты.
Дәріс сабағын ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б Гизатов ашты. Сәлемдесуден кейін, дәріс сабағын жүргізетін лектор ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М. Минайдаровқа сөз берді.
С.М. Минайдаров дәріс сабағының екі сұрағын қарастырды:
1) Тергеу судьясы институтының құрылуы: Қазақстандағы қылмыстық процестің кейбір ерекшеліктері; 2) ҚР тергеу судьясының құқықтық өкілеттіктері.
Онлайн – дәріс өткізу барысында РФ ІІМ Барнаул заң институтындағы әріптестеріміз және курсанттары тарапынан қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты тәжірибелік бағыттағы сұрақтар қойылды және ол сұрақтарға кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б. Ғизатов жауап берді.
Қылмыстық процесс
және криминалистика
кафедрасының окытушысы
полиция майоры
С.М. Минайдаров