Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, “Криминалистика” пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н. А. Чупринюк 2019 жылғы 02 қазанда арнайы бастапқы оқыту курсының 5 және 9 оқу тобының тыңдаушылары үшін шығу тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақ басталар алдында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ІІД Жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. ЖББ қызметкерлері “Интеграцияланған деректер банкі”, “Папилон”, “Образ++”, “Пулегильзотека” және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндірді және көрсетті.
“Папилон”, “Портрет” және “Пулегильзотека” бағдарламалары тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.
“Папилон” Автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық-іздеу жүйесі (құқық бұзушылар мен қылмыс жасағаны үшін тартылған адамдардың қолы мен алақанының саусақ іздерінің деректер банкі). Осы базаға қылмыс орнынан табылған және алынған қол мен алақанның саусақтарының іздері дереу енгізіледі, содан кейін ең қысқа мерзімде 10-15 минут ішінде оларды деректер базасында бар мәліметтермен салыстырып тексеру жүзеге асырылады, сәйкес келген жағдайда қылмыс жасалған жерде қалдырылған қол саусақтарының іздері кімге тиесілі екені туралы жауап алынуы мүмкін.
“Портрет” бағдарламасы – бұл қылмыскерді сыртқы белгілері бойынша қысқа мерзімде және деректер базасындағы фотосуреттер бойынша табуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі. Сонымен қатар, ол жәбірленушілер мен куәгерлердің тікелей қатысуымен және қылмыскердің сыртқы келбетінің белгілерін сипаттау арқылы жедел жады мен қабылдауды пайдалана отырып, айғақтарының негізінде қылмыскердің композициялық портретін (фотороботын) жасауға мүмкіндік береді.
“Пулегильзотека” – автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі. Бұл жүйе атылған оқтар мен гильзалар бойынша оқ атылған қаруды зерттеуге және сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сабақ соңында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ДП ЖКБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі О. С. Арықбаевқа және ЖКБ аға криминалисті, полиция капитаны Б. А. Ильжановқа Ақтөбе облысы ДП криминалистикалық-сараптау қызметінің мүмкіндіктері туралы қызықты әңгімелері үшін, сондай-ақ криминалистердің тәжірибелік қызметіне қатысты сұрақтарға толық жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.
Сабақ өз мақсатына жетті, оны жүргізу барысында тыңдаушылар сот сараптамасын жүргізу әдістерімен танысып, кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін, сот-баллистикалық, трасологиялық, қолжазба сараптамасын жүргізу туралы ұсыныс алды.
Қылмыстық процесс және
криминалистика кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Н. А. Чупринюк