29-30 қазанда 2019ж. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ұйымдастырған «ІІО реформалау бойынша Жол картасын іске асыру аясында ведомстволық білім беруді жаңғырту” (онлайн-режимде) ЖОО-ның оқу-әдістемелік жиынына қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары полиция подполковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтжанов ОлжасТемиржанович құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.А.Алимпиев «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарында «қылмыстық құқық және криминология» пәндерін оқытуды жетілдіру» тақырыбында баяндамасымен және қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі Е.А.Церковнова «Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлердің кәсіби даярлығының педагогикалық міндеттері мен ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі.
Қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылап, қозғалған тақырыпқа шын ниетпен қызығушылық танытты.
Оқу-әдістемелік жиын соңында жұмыс қорытындысы жасалып, ведомстволық білім беруді одан әрі жаңғырту,ішкі істер органдарының ведомстволық білім беру жүйесін (2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ІІО жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру аясында) біліктілігін арттыру, қайта даярлау және бастапқы кәсіби даярлау курстарын жетілдіру, пәндерді оқытуды жетілдіруде түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.
ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция майоры
Ж. Ж. Аксакова