Ағымдағы жылдың 24 наурызында көктемгі Наурыз мейрамы, сондай-ақ Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу аясында Ассоциацияның бастамашыл тобы Түлектер аллеясын алғашқы көк шыршалар отырғызумен ашуға кірісті.
Отырғызу мақсаты Ақтөбе қаласына 150-жылдығын мерекелеу қарсаңында құрмет көрсету. Түлектер аллеясы курсанттар тасжолы мен институт аумағы арасында орналасқан.
Алғашқы көк шыршаны отырғызу оқу орнының болашақ түлектері үшін Ассоциация түлектерінің дәстүрінің бастауы болды. Түлектер ұрпақ сабақтастығы, патриоттық тәрбие, оқу орнының имиджін одан әрі арттыру және курсанттарда қызметтік парыз сезімін тәрбиелеу және таңдаған полиция мамандығына адалды сияқты мәселелерді атап өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында оқу орнының өркендеуіне үлес қосқан түрлі жастағы Түлектер қауымдастығының бастамашыл тобының белсенді жұмысының жалғасы болып табылады.
Аллеяны көркейту және өркендеу мақсатында қатысуға ниет білдірген түлектер өз өтінімдерін электрондық поштасына, +77058191055 (WhatsApp) тел. қалдыруы қажет. (жауап. Найманбаев М.Ж.).