2018 жылғы 24 мен 26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2-ші шығарылушы курс курсанттарымен өткізілген кәсіби практиканы қорғау жүргізілді.
Кәсіби практика облыстық ІІД аймақтық ішкі істер органдарында өткізілді.
Кәсіби практиканы қорғау кезінде курсанттар өздерінің жұмыстарын қалай ұйымдастырғандығын, жеке жоспарларын қалай толықтай орындағандығын, қандай қиындықтар кездескендігін, шығарған шешімдерінің және басқа да әрекеттерінің қаншалықты заңды екендігін және басқа да практика кезіндегі жағдайлар туралы баяндап берді.
Практиканы қорғау взводтар бойынша жүргізіліп, қорғау кезінде курсанттарға «Құқық қорғау қызметі» мамандығы аясында теориялық және практикалық сипаттағы әртүрлі сұрақтар қойылды.
Комиссия шешімі әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының және Ақтөбе облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж.Л.Макаревичтің дауыс беруі арқылы қабылданды.
Кәсіби практиканың қорытындысы курсанттардың алған теориялық білімдерін облыстардың ішкі істер органдарының аймақтық бөліністерінде қажетті амал тәсілдер ретінде қолдана алатындықтарын көрсетті.
ӘҚжӘҚ ІІОкафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С.Р. Калипова