2017 жылғы 08 маусымда Ақтөбе облысының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы өзара серіктестік жөніндегі меморандум жасалды.
2017 жылғы 16 маусымда өзара серіктестік жөніндегі меморандум шеңберінде «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында 2017 жылдың 19, 20, 21 маусымдарында Ақтөбе облысының процессуалдық прокурорларының қылмыстық процесс негіздерін игеруі бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтардың семинарын өткізу туралы» Сабақ жоспары бекітілді.
2017 жылдың 19–21 маусымы аралығында институттың оқу-әдістемелік залында сағат 16:00-17:00-ге дейін дәріс сабақтар өткізілді. Атап айтқанда,
2017 жылғы 19 маусымда «Основные положения тактики осмотра места происшествия» тақырыбында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г. Игольников, 20 маусымда «Тактика проведения допроса» тақырыбында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті полиция полковнигі И.Н. Аяпбергенов, 21 маусымда «Тактика обыска и выемки» тақырыбында кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б.Ғизатов дәрістік сабақ өткізді.
2017 жылғы 21 маусымда сағат 17:00–18:00 аралығында институттың кримтехзертханасында ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы, (PhD) докторы полиция майоры Р.А. Медиев «Оқиға болған жерді виртуалды қарау» бағдарламалық кешенін пайдалану» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Сонымен бірге, процессуалдық прокурорларға біздің институт базасында сабақтар жүргізу алдағы уақытқа да жоспарланып отыр.
Семинарды қорытындылау барысында сертификаттар тапсыру да жоспарланды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
(PhD) докторы
полиция майоры
Р.А. Медиев