Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ КУРСАНТТАРЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БРЕЙН-РИНГКЕ ҚАТЫСУЛАРЫ ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» тақырыбына Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы департаменті 2018 жылғы 28 мамырда брейн-ринг  ұйымдастырды.

Аталған шараны өткізудің мақсаты мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру болып табылады.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенттері мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары қатысты.

Брейн-рингті музыкалық колледждің оқытушысы Байжанова Айгуль Уромбасаровна жүргізді.

Қазылар алқасына кіргендер: Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы департаментінің өкілдері Толыбаев Ербол Муратович – Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының жетекшісі, Актанова Лаура Омиргалиевна – Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы, Жумамуратова Асель Бауыржановна – Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының маманы.

Брейн-рингке қатысушылардың барлығы жоғары білім мен теориялық дайындықты көрсетті.

Аталған брейн-рингте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы бірінші орынға ие болса, екінші орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы және үшінші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы иеленді.

Брейн-рингтің қорытындысында жеңімпаздарға Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы департаментінің Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының жетекшісі Толыбаев Ербол Муратович диплом мен кубок табыстады.

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы полиция подполковнигі                               

М.С.Салауатов