2019 жылғы 1 наурызда ішкі істер органдарын жаңарту бойынша Жол картасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында фронт-офистің ашылуы болды.
Азаматтармен фронт-офис форматында ынтымақтастық жасау –тек біздің институт үшін емес, Қазақстан Республикасы ІІМ барлық ведомствалық оқу орындары үшін жаңалық болып табылады.
Бұл жерде келушілерге қажетті білімдері бар және азаматтарға оларды қызықтыратын құқықтық сұрақтар бойынша жауаптар беру үшін институттың профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған білікті кеңесшілер қызмет етеді.
Аталған шара курсанттар мен тыңдаушыларға алғашқы күнгі білім алудан бастап тұрғындармен жаңартылған форматта жұмыс жасауға машықтануды үйретеді.
Барлығы институтқа келген тұлғаға тез және толықтай барлық қажетті ақпараттарды алу үшін жасалынған.
Фронт-офис заманауи инженерлік-техникалық құрылғылармен, күту залы және басқа да инфроқұрылымдармен жарақталған.
Келушілер үшін ғаламтор және мобильдік құрылғылар арқылы авторизация мүмкіншілігі қарастырылған.
Шараға Ақтөбе облысы әкімшілігінің бас маманы М.С. Ержақыпов, «НұрОтан» партиясының қалалық филиалының депутаты Ю.В. Гончаров, Қазақстан-Ақтөбе телеканалының бас редакторы Ә.Ә.Таласова, «Хабар» Республикалық телеканалының журналисі Л.Ә. Ауесова, «Диапазон» газетінің журналистері А.Т.Жасағанбергенова, «PGA Alima» инста блогері Алима Жанболатова қатысты.
Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры А. С. Махмутов