Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында және аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісінің тәжірибеге бағытталығын күшейту аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өз жұмысын жалғастыруда.
2019 жылдың 25 наурызында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы полиция майоры Е.Е.Шуканов күндізгі оқу факультетінің курсанттарына дәріс сабағын өткізді. Сондай-ақ дәріс сабағына жедел іздестіру қызметі, әскери және дене шынықтыру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, кезекші бөлім, оқу саптық бөлініс пен жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторлары қатысты.
Дәріс барысында полиция майоры Е.Е.Шукановарнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы қызметіндегі өзекті мәселелерді және Ақтөбе горнизонының жауынгерлік әзірлігін атап өтті. Арнайы жоспарлар түрлері мен кризистік жағдай туындау кезінде оларды іске асыру тәртібі қаралды.
Дәріссабағытәжірибеден мысалдар келтіріліп, мазмұнды өтті. Курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті. Дәрістің қорытынды бөлігінде полиция майоры Е.Е.Шуканов қорытынды жасап, ұсыныстар мен тілек білдірді.
Тәжірибеге бағытталған дәріс сабағын өткізу мен кризистік жағдай туындаған кезде Полиция департаментінің оң тәжірибесін зерделеу курсанттарды дайындауда және институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен инспекторларының ұдайы кәсіби шеберліктерін шыңдауға пайдасын тигізетіні даусыз.
Жедел іздестіру қызметі кафедрасы
бастығының міндетін атқарушы
полиция майоры
К.Е.Каратаев