2019 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында және аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісінің тәжірибеге бағыттылығын күшейту аясында Көліктегі полиция департаментнің Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов пен осы басқарманың тергеу бөлімінің бастығы Д.Н.ТаскеновпенҚазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқу факультеті курсанттарына «Жылжымалы құрамнан жүк ұрлықтарын тергеу» тақырыбындадәріс сабағын өткізді.
Дәріс барысында полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында көліктегі полиция басқармасының қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ теміржол және әуе көлігі объектілерінде азаматтардың жеке мүліктері мен жүктерінің сақталуы бойынша өзекті мәселелерді атап өтті.
Бұл тақырыпты таңдау полиция полковнигі С.Сарсеновтың ойынша теміржол көлігіндегі кең таралған қылмыстардың бірі ұрлық болып саналатындықтан таңдалған болатын. Оның пікірінше, бұның барлығы теміржолдардың ұзақтығы, теміржол көлігі қызметінің тәулік бойы қызмет етуі, тасымалданатын жүктердің көптеген технологиялық өңдеу операциялары, теміржол көлігі объектілерінде бағалы материалдық тауарлардың шоғырлануына байланысты болатынымен түсіндіріп отыр.
Дәріс барысында Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Д.Н.ТаскеновЖылжымалы құрамнан жүк ұрлықтарын тергеу әдістеріне толығырақ тоқталып, тергеу амалдары мен сараптамаларды өткізу мен дәлелдемелерді процессуалдық бекіту аспектілеріне аса назар бөлді.
Дәріс сабағы тәжірибеден мысалдар келтіріліп, мазмұнды өтті. Курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті. Дәрістің қорытынды бөлігінде полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов ұсыныстар мен тілек білдірді.
Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізу мен желілік полиция қызметінің оң тәжібесін зерделеу курсанттарды дайындауда және жедел іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіруге өз үлесін әкелетіні сөзсіз.
Жедел іздестіру қызметі кафедрасы
бастығының міндетін атқарушы
полиция майоры
К.Е.Каратаев