Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хатына сәйкес, 2019 жылғы 22-27 сәуір аралығында ПД (КПД) және қалалық, аудандық полиция органдары бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары мен әкімшілік полиция және ЖПҚ басшыларына «Тұрғындармен тиімді қарым-қатынас жасау әдістеріне оқыту, шешендік өнер, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасу» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2 үшкүндік семинар өтті.
Сонымен қатар, өткізілген семинарға Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, блогер Ю.Гончаров, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е.Толыбаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникалиялар кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Жуминова және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникалиялар кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидатыГ.Оңғарова шақырылды.
Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
- Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары;
- ІІО-дағысыбайлас жемқорлықа құқық бұзушылықтарыныңсебептері мен шарттары және олармен күрес;
- Шешендік өнер және оның кәсіби қызметтегі маңызы;
- Шешендік өнерді тиімді оқытудың құпиялары;
- Жедел-қызметтік тапсырмаларды орындау барысында азаматтарға психологиялық әсер етудің құқықтық әдістері және т.б.
Семинарға қатысушылар тарапынан қызметтік тәртіп бұзушылықтар болған жоқ.
Өткізілген семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.
КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.А.Сагынтаева