Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция құқық қорғау қызметін жетілдіру шеңберінде, атап айтқанда, ІІО-ның қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік-құқықтық қызметтер бойынша халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Конференция бағдарламасында 177 баяндамашы қарастырылып, 6 секция бойынша және пленарлық мәжілісте бөлінді.

Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, философия ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Ақан Есетұлы Қабдуев, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Әділкерей Сағидоллаұлы Әуелбаев, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі кіші әділет кеңесшісі Өркен Мырзабекұлы Ещанов, Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Егізбайқызы Дүйсенова, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты бастығының көмекшісі (халықаралық ынтымақтастық бойынша) полиция подполковнигі Климентий Николаевич Браженский, Ресей ІІМ Қазан заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент полиция полковнигі Сергей Николаевич Миронов (онлайн байланыс жүйесінде), Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты магистратурасының бастығы, философия докторы (PhD) полиция майоры Ерболат Ержанұлы Қайнар, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ПБ КҚПБ бастығы полиция майоры Мақбузов Арман Әлібекұлы, Батыс Қазақстан облысының АПБ Бөрлі ЖПҚБ бастығы полиция майоры Арман Әлібекұлы Мақбузов, Түркістан облысы ПД Кентау қаласы ПБ тергеу жөніндегі бастығының орынбасары полиция капитаны Досжан Бекжанұлы Нұсқабеков сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова болды.

Қонақтардан баяндамаларын ұсынғандар: Ресей ІІМ В.В.Лукьяненко атындағы Орлов заң институтының ЖЖҚМИ қызметін ұйымдастыру кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Фазил Назимович Зейналов (онлайн байланыс жүйесінде), Орынбор мемлекеттік университетінің Заң факультеті деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко, Ақтөбе қаласы №3 сотының судьясы Сандуғаш Серікқызы Сәрсенова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ-ның директоры Нұргүл Молдабайқызы Әбішова, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов.

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерімен бірге секция модераторлары болған шетелдік қонақтар да сөз сөйледі. Конференция жұмысына қызметкерлер мен қонақтардан басқа біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары да қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы жоғары оқу орындарының көрнекті ғалым-қайраткерлерінің, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдары қызметкерлерінің, мамандар мен сарапшылардың, оқытушылар, ғалым-құқықтанушылардың, сондай-ақ жас ғалымдардың, адъюнкттердің, ізденушілердің, докторанттардың, магистранттарының, мамандарының ғылыми мақалалары енгізілген материалдар жинағы шығарылды.

Материалдарда құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері, Қазақстан Республикасында және шетелдік мемлекеттерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары, құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және дене шынықтыру даярлықтарын жетілдіру, заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет,жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны ұйымдастыру туралы баяндалады.

Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар дайындалып, қорытынды кезеңде бірауыздан бекітілді.

Конференция жұмысы институт бастығы, философия ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Ақан Есетұлы Қабдуевтың қорытынды сөз сөйлеуімен аяқталды. Шара соңында қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ.Каримбаева