Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарында құқық қорғау қызметкерлеріне арналған тренингтер өткізу туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ БҰҰ Қылмысқа қарсы және есірткімен күрес жөніндегі басқармасының ынтымақтастық аясында 2018 жылғы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Тәуекелдер мен осалдық: құқық қорғау қызметіне қатысты негізгі тәуекел топтары және адам құқықтарын қорғау» атты оқу бағдарламасына сәйкес өткізілген ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІБ әлеуметтік жұмыс кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.А.Түлкінбаев және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Е.Қ.Балымов Қазақстан Республикасы ІІМ жоғарғы оқу орындары базасында және оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған оқыту семинар-тренингтерін өткізді.
Тренинг өткізудің мақсаты – құқық қорғау органдарында әртүрлі халық топтарының тәуекелділігі мен осалдығын түсінуді қалыптастыру. Бұдан басқа тренинг құқық қорғау органдарының түрлі модельдері мен принциптеріне және адам құқықтарына негізделген мәселелерді, сондай-ақ АИТВ-мен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нақты іс-әрекеттері қарастырылды.
Тренингтерге ЖИТС орталықтарының, наркологиялық диспансерлердің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері тартылды. Тренингтердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құқық қорғау органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын және ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды. Тренингтер аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Е.Қ.Балымов