Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІСҚЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ОНЛАЙН – ДӘРІС ТУРАЛЫ

2017 жылғы  27 қарашада ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен РФ ІІМ Барнаул заң институтының арасында білім және ғылым әрекеттестігі көлемінде қарым – қатынас туралы Хаттамасы негізінде, РФ ІІМ Барнаул заң институтының курсанттарына онлайн – дәріс өткізілді.

         Онлайн – дәріс «ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық терісқылықтың түсінігі» тақырыбы төңірегінде болды.

         Дәріс сабаққа қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.

         Дәріс сабағын ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов ашты.  ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов дәріс сабағының екі сұрағын қарастырды:

  1. Қылмыс және қылмыстық терісқылықтың түсінігі және әлеуметтік маңызы;
  2. Қылмыстық құқықтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың (қылмыс және қылмыстық терісқылық) анықтамасы.

         Онлайн – дәріс өткізу барысында РФ ІІМ Барнаул заң институтындағы әріптестеріміздің және курсанттарының тарапынан қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты сұрақтары  толық талқыланды.

                                           

 ҚҚжК кафедрасы бастығының орынбасары

полиция полковнигі  

 И.Н.Аяпбергенов

 
ms2 SAMSUNG CSC