Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде, «Криминалистика» пәні бойынша оқу процесінің тәжірибелік бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры С.М. Минайдаров, 2019 жылғы 25–26 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот-медициналық сараптама орталығының Ақтөбе филиалы базасында арнайы бастапқы оқыту курсының 1-8 оқу тобының тыңдаушылары ІІО-ға қызметке алғаш қабылданған тұлғаларға тәжірибелік көшпелі сабақ өткізді.
Сабақ басталар алдында тыңдаушылар орталықтың құрылымымен, атап айтқанда, сот мәйіті, гистологиялық, биологиялық және криминалистикалық зертханалармен танысты. Экскурсиядан кейін 25 жылдан астам сараптамалық жұмыс өтілі бар 1 санатты сот-медициналық сарапшы Ч.Каленов нұсқаулық өткізіп, мәйіттің сот-медициналық сараптамасына кірісті.
Сабақ барысында сот-медициналық сарапшы Ч.Каленов сот-медициналық сараптама жүргізудің негізгі ережелері мен тактикалық тәсілдерін түсіндірді. Тыңдаушылар тақырып бойынша сұрақтар қойды, оларға мазмұнды және толық жауаптар берілді.
Білім алушылар мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу әдістерімен танысып, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу, сот-биологиялық және гистологиялық зерттеулер туралы қажетті білім алды.
Кафедра аға оқытушысы
қылмыстық процесс және криминалистика
полиция майоры
С. М.Минайдаров