2018 жылғы 07 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының кафедра апталығы аясында 1 «Б» курс курсанттары арасында екі байқау өткізілді.
Бірінші интеллектуалдық байқауда курсанттар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-450 баптары бойынша ең үздік әкімшілік құжат толтырудан сайысты.
Өткізілген шараның мақсаты Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындарының курсанттарына әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтыру кезінде кешенді тәсілдер мен машықтарды меңгеру болып табылады.
Интеллектуалдық викторина өткізу барасында қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың үлгілері таратылды, оларды толтыру бойынша негізгі талаптар түсіндірілді, өзіне қатысты іс қозғалған тұлға туралы мәліметтерді қалай толтыру керектігі айтылды, жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және реквизиттерді, сәйкестендіру нөмірін, жұмыс орнын, абоненттік телефон нөмірін, факсі, ұялы телефонды немесе электрондық мекенжайды (егер де олар бар болса), әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған жерін, уақыты және оқиғаның мән-жайын; әкімшілік жауапкершілік қарастырылған ҚР ӘҚБтК ерекше бөлімінің 2-тарауының бабын көрсетуді; куәгерлердің және жәбірленушілердің аты-жөндерін, әкесінің атын, (егер де олар бар болса), өзіне қатысты әкімшілік іс қозғалған тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің түсініктемелерін, істі шешуге қажетті басқа да мәліметтерді қалай толтыру керектігі көрсетілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға курсанттарға 30 минут уақыт берілді. Берілген уақыт өткеннен соң курсанттардан барлық жұмыстар жиналып алынып, олардың толтырған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларының сапасын бағалау үшін әділ қазы мүшелеріне берілді.
Екінші байқау кезеңінде курсанттар өздерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша дайындаған компьютерлік бейнероликтерін көрсетті.
Аталған шараның мақсаты – жасалынатын құқық бұзушылықтардың негізгі себептерін көрсету, олардың алдын алу және жолын кесу тәсілдерінің тиімділігіне сипаттама беру.
Көрсетілген бейнероликтер негізінен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың қараусыздығын және қадағалаусыздығын, нашақорлықты, уытқұмарлықты, отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтарды, алкогольдік өнімдерді қолдануды, белгіленбеген жерлерде шылым шегуді, қаланың абаттандыру көркін бұзуды, жол жүрісі және табиғатты қорғау заңнамаларын бұзуды алдын алуға бағытталған.
Аталған байқауға курсанттардың жауапкершілікпен дайындалғандарын көрсетілген бейнероликтердің тақырыпқа қатысты іріктелген жалпы жинақтарынан аңғаруға болады.
Профилактикалық мақсаттағы бейнероликтерді қарап болған соң, курсанттар өткізілген шараның маңыздылығына тоқталып, өздерінің осы сала бойынша ішкі істер органдары қызметкерлерінің оқу орындарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, сонымен қатар, қоғамдық көліктерде, халық алдында есеп беру кезінде қажеттілігі туралы өздерінің ой пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
Өткізілген әрбір байқаудың қорытындысы бойынша курсанттар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының грамоталарымен марапатталды.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С.Р.Калипова