2018 жылғы 1 мамырда Облыс әкімдігінің бастауымен Әбілхайыр хан даңғылында 10 мыңнан астам ақтөбеліктер – әртүрлі мамандықтар мен ұйымдар иелері «Мир» бизнес орталығының алаңынан «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алаңына дейін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне күніне арналған салтанатты шерумен өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.Мухангалиева, 1 А курсының курс бастығы полиция подполковнигі М.Ешманов, 101 оқу тобының жетекшісі полиция майоры Е.Жумагазин және 1 А курсының 70 курсанты қатысты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева