Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойын мерекелеу эстафетасы жалғасуда

2020 жылғы 17 қаңтарда М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде ҚХА-ның 25 жылдығына және ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған конференция өтті.

Отырыстың мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойын мерекелеу эстафетасын тапсыру болды. М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты М.Оспанов атындағы БҚМУ-ға эстафета кубогын табыс етті.

Іс-шарада Үндістаннан келген студенттер өз елінің тарихы мен дамуы туралы баяндап берді. Сондай-ақ конференцияға Ф. Оңғарсынова атындағы №41 және М. Дулатов атындағы №63 мектептері полиция кадет сыныбының оқушылары, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, университеттің ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

 
SAM_2821