2019 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалия Жанабекқызы Сулейманова мен мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің инспекторы Арайлым Әлімбайқызы Танкаева Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Ақтөбе облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Облыс әкімі О. Оразалин дөңгелек үстел форматында зиялы қауым өкілдері және қоғам қайрат–керлерімен кездесу өткізіп, онда тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесі туралы талқылады.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жазушылар одағының мүшелері, облыстық білім, ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының, жастар басқармасының басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, полиглоттар, журналистер, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу соңында Ақтөбе облысының әкімі мәдениет қайраткерлерін, мұғалімдерді және білім беру мекемелерін грамоталар және ақшалай серти фикаттармен марапаттады.
Ақтөбе заң институты тілді дамытуға қосқан үлесі және латын әліпбиін енгізу жобаларына белсенді қатысқаны үшін облыс әкімі О. Оразалиннің қолынан арнайы грамота және 100 000 тг сертификатқа ие болды.
Танкаева Арайлым