Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ»ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ ДӘРІС САБАҒЫ

2018 жылғы 16 қазанда жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны А.Ж. Жарасхан «Философия» пәні бойынша
2 «А» курсының 201-203 оқу топ курсанттарының арасында «Қазақ философиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Дәріс сабағына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, күндізгі оқыту факультетінің және оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскерлері қатысты.
Дәріс сабағында екі тақырып талқыланды:
1 Қазақ философиясының ерекшеліктері.
2 Қазақ философиясының қалыптасуы.
Ашық cабақ өткізу барысында қазақтардың философиялық дүниетанымын қалыптастырудың алғышарттары, Қазақстан аумағында ежелгі мәдениеттер формаларының пайда болуы мен ауыстырылуы, көшпелі өмір салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен бірігуі, үнемі жаңаруы мен қозғалысқа ұмтылуы, еркін ойлауы, адамгершілік басымдығы, қазақ халқының философиялық ойлауының вербалды-дискурсивті сипаты мәселелері қарастырылды.
Дәріс сабағы 40 минутқа созылды.
После окончания открытого занятия было проведено его обсуждение под руководством преподавателя-методиста учебно-методического центра, майора полиции Сагинтаевой А.А.
Ашық сабақ аяқталғаннан кейін оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А. Сагинтаеваның жетекшілігімен өткізілген сабақ талқыланды. Профессорлық-оқытушылар құрамы сабаққа оң баға беріп, оның әдістемелік деңгейде өткенін және дәріс сабағының мақсаты толық ашылғанын атап өтті.

ЖББ кафедрасының аға оқытушысы
полиция капитаны
А.Ж.Жарасхан