Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстанның тәуелсіз болып жариялануы» тақырыбында өткізілген ашық семинар сабақ

2017 жылғы 08 қарашада 101(А) оқу тобында Қазіргі заманғы Қазақстан тарихыпәнінен ашық семинар сабағы өтті. Семинар сабағының тақырыбы – Қазақстанның тәуелсіз болып жариялануы.

         Семинар сабағының мақсаты – курсанттарға Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы шежіресін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және оның маңызы, тұңғыш президенттің саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық жағдайы туралы білімдерін тексеру.

         Семинар сабақта екі негізгі сұрақ қарастырылды:

  1. Бірінші жалпы халықтық Қазақстан Президентін сайлау;
  2. Н.А.Назарбаев «Тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстанның құрылу және даму стратегиясы».

Аталған ашық семинар сабағы сайыс түрінде, яғни, 21 ғасыр көшбасшысы сайысы негізінде жүргізілді.

Сайыс төрт бөлімнен:

  1. Жалпы сұрақтар. (әр жауапқа 5 балл)
  2. Көкпар. (әр жауапқа 10 балл)
  3. Бәйге. (ұяшықтағы балл саны)
  4. Жорға (әр жауапқа 1 балл)

         Сайысқа «Бірлік», «Татулық», «Егемендік» болып үш топқа бөлінген  101 взводтың курсанттары қатысты. Топтар ең алдымен өз топтарын таныстырды.

        Сайыс кезінде аталған топтар қойылған сұрақтарға жауап беріп, тиісті балдарын алды. Төрт турдың соңында «Бірлік» командасы жеңіске жетті.

        Аталған тақырып бойынша Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік, елдегі ең алғашқы тұлғалар туралы сұрақтар баяндалды.

       Сабақ соңында 1А курс 101-взвод курсанттары Забихова Зарина мен Кадыров Манат тәуелсіздікке арналған өз өлең шумақтарын арнады.

       Сабақты қорытындылау негізінде Қазақстан туралы видеороликтер көрсетілді.

Аталған іс-шара курсанттардың патриоттық сезімін ояту, туған елге деген сүйіспеншілігін одан әрі арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

 

Жалпы білім беру кафедра бастығының орынбасары

полиция подполковнигі             

А.А.Салимов

 
прил рус