Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚАЙТАЛАМА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі Аслан Жолашұлы Сейтеновтің басқаруымен 2017ж. арналған ғылыми зерттеу және тәжірибелік -конструкторлық жоспарға  сәйкес, «Қайталама қылмыстың алдын алу»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Ұйымдастырудың мақсаты-қайталама қылмыстың алдын алуды талқыға салу және Ішкі істер органдары қызметінде осы сала бойынша қайталама қылмысқа сараптама жүргізу,  қайталама қылмыстың алдын алуды одан әрі жетілдіре түсу мақсатында  әрі оны  ІІО қызметкерлері тәжірибеде қолдану үшін нақты ұсыным мен ұсыныстардан тұратын жинақ басып шығару.

         Дөңгелек үстелге: институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары,  з.ғ.к., полиция подполковнигі Ғ.Ж. Сулейманова, ҚҚжК кафедрасының профессоры, з.ғ.к., А.О. Қуанов, Ақтөбе облысы пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі А.А. Есетов, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПҚ бөлімінің бастығы, полиция майоры М.П. Қалдыбаев, Хромтау ауданының пробация қызметінің бастығы, полиция майоры Е.Ж. Есенжолов, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры М.С. Салауатов және «Қайталама қылмыстың алдын алу» зерттеу тақырыбының жұмыс тобы мүшелері белсенді қатысты.

         Дөңгелек үстел ашық пікірталаспен, ой бөлісумен өтті, ал соңында ҚР ІІО қызметкерлеріне тәжірибелік жұмыстарына арналған ұсынымдар таратылып сертификаттар табыстырылды.

 

ҚҚжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                     

А.Ж. Сейтенов