2019 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты онлайн байланыс жүйесінде Ресей ІІМ Ростов заң институты өткізген «Қоғамдық қатынастарды жеке құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева сөз сөйлеп, өз баяндамасын оқыды.
Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы полиция капитаны Динара Какимқызы Қаратикенова мен білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімінің оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты Гульнара Акбарқызы Байкунакова баяндамаларын қатысушыларға ұсынды.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның соңында Ресей ІІМ Ростов заң институты азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Валентина Игоревна Фатхи институт атына тікелей ынтымақтастық пен өзара түсіністік үшін алғыс білдірді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ.Каримбаева