2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М:Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Президентіміз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, сонымен қатар, халықаралық адам құқығы күніне арналған «Адам құқығы (Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі заңнамалар бойынша) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара жалпы құқықтық пәндер кафедрасы және ҒЗЖБжРБО бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.
Алғы сөзбен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығы заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев сөз сөйледі. Іс-шараны аша отырып, институт бастығы аталған шараның өткізудің маңыздылығымен өзектілігі жөнінде айтты.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Ғалия Жанабековна Сулейманова халықаралық дөңгелек үстелдің өткізілу мақсатын және бағдарламасын түсіндірді.
Дөңгелек үстел жұмысына институт басшылығы, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, саптық буын, қонақтар қатарынан Оренбург мемлекеттің университетінің конституциялық құқық және мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті педагогика ғылымдарының кандидаты Максименко Елена Ивановна, Оренбург мемлекеттің университетінің конституциялық құқық және мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты Савощикова Евгения Васильевна, Оренбург мемлекеттің университетінің азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының доценті, әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша деканының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ерохина Елена Васильевна және Оренбург мемлекеттің университеті заң факультеті мемлекеттік-құқықтық мамандығы студенттері С.В. Дударев, И.А. Филиппов, А.О. Галкин, Д.Пустабаев, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Базенова Назгул Кошановна, Ақтөбе облыстық ІІД Әйелдер құқығын қорғау бөлімінің аға инспекторы Альмира Жанабергеновна Аккатова, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Сулдушаш ЖаугашевнаКаренова, Батыс Қазақстан медиация және байланыс процесі орталығының кәсіби медиаторы Марина СоветовнаНурымжанова, ҚОХУ заң кафедрасының оқытушысы Анар Амангелдіқызы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының доценті з.ғ. кандидаты Асыл СмагуловнаСмагулова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының доценті з.ғ. кандидаты Айгуль КуанышевнаКурманова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының аға оқытушысы з.ғ. магистрі Салтанат РзагуловнаРзагулова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының аға оқытушысы з.ғ. магистрі Салтанат БахытжановаСаутбаева, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының аға оқытушысы з.ғ. магистрі Айгуль АмангельдиевнаБекбауова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ заң кафедрасының аға оқытушысы з.ғ. магистрі Ляззат Амангалиқызы Мурсалова қатысты. Осылардың барлығы казіргі әлемде жоғары құндылық ретінде адам құқығы орнының өсу идеясын белгіледі.
Дөңгелек үстел шеңберінде адам құқығы, гендерлік теңдік, әйел құқығы және тағы басқа да сұрақтар талқыланды. Баяндамашылар біздің жалпы ұлттық көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгілік саясатының нәтижесінде елімізде адам құқығы қамтамасыз етілгенін, біздің республикамыз халықаралық конвенцияларға қосылуға мүмкіндік алғанын айтты. Заңдылық базасы әрбір азаматтың өздерінің құқықтарын пайдалануды, адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Қорытынды сөзінде институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Дәулетияров сөз алғандардың жоғары кәсіби деңгейде дайындалғандарын ескеріп, барлық жақын және шетелдерден келген дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдірді. Қорытынды жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Ғалия Жанабековна Сулейманова барлық қатысушыларды сертификатпен марапаттады.
Іс-шара аяқталғаннан кейін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды: институттың музейін аралады, спорттық ойындар ойнады.
Сонымен қатар, академиялық арақашықтық бойынша 1 курс 101 және 105-оқу топтарының курсанттары «Халықаралық отбасы құқығы» тақырыбы бойынша Оренбург мемлекеттік университетінің азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының доценті, әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша деканының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ерохина Елена Васильевнаның дәрісін тыңдады.
ЖПҚ кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
З.Нұрыш