Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА ЖҮРГІЗГЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ПРОКУРОРЛАРҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР САБАҚТАРЫН МЕҢГЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

2017 жылғы 08 маусымда Ақтөбе облысының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы өзара серіктестік жөніндегі меморандум жасалды.

2017 жылғы 30 маусымда  өзара серіктестік жөніндегі қол қойылған меморандум аясында «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында 2017 жылдың 03, 04, 05, 10, 11, 12, 13 шілдесінде Ақтөбе облысының процессуалдық прокурорларының қылмыстық процесс негіздерін игеруі бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтардың семинарын өткізу туралы» сабақ жоспары  бекітілген болатын.

Институттың ӘҚД класында 2017 жылғы 03-13 шілде аралығында сағат 16:00-17:00 аралығында дәрістік сабақтар өткізілді. 2017 жылғы 03 шілдедегі «Задержание подозреваемых, меры пресечения, порядок и основания их применения» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников жүргізді, 04 шілдеде сағат 17:00-18:00 аралығында   «Порядок и основания продления сроков досудебного расследования, содержания под стражей и домашнего ареста» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық құқық және криминология  кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.С.Жумабаев жүргізді;  05 шілдеде сағат 17:00-18:00    аралығында «Основы производства досудебного расследования: подследственность, формы расследования, общие правила следственных действий и др.» тақырыбындағы дәрісті қылмыстық құқық және криминология  кафедрасының доценті, полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов жүргізді, 10 шілдеде  сағат 17:00-18:00 аралығында  «Правила назначения и производства судебных экспертиз» тақырыбындағы дәрісті кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б. Ғизатов жүргізді, 11 шілдеде сағат 17:00-18:00 аралығында   «Проверка и уточнение показаний на месте, следственный эксперимент» тақырыбындағы дәрісті, қылмыстық құқық және криминология  кафедра бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.С.Жумабаев жүргізді, 12 шілдеде сағат 17:00-18:00 аралығында  «Проверка и уточнение показаний на месте, следственный эксперимент» тақырыбындағы дәрісті, қылмыстық құқық және криминология  кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.С.Жумабаев жүргізді, 13 шілдеде сағат 17:00-18:00 аралығында   «Основы производства негласных следственных действий» тақырыбындағы дәрісті, ғылыми-зерттеу және редакциялық баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция майоры, (PhD) докторы  Р.А. Медиев жүргізді;

Сонымен  қатар, ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 17:00-18:00 аралығында қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының бастығы  полиция полковнигі А.Г. Игольников алған білімдерін толық бекіту үшін, институттың криминалистикалық полигонында тергеу әрекеті аясында оқиға болған жерді қарау, тексеру және айғақ болған жерді нақтылау, тінту әрі алу бойынша дәрістер жүргізді.

Семинарды қорытындылай келе, институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Дәулетияров қатысушыларға

«Работа с программным комплексом виртуального ситуационного моделирования для подготовки специалистов сферы общественной безопасности «Виртуальный осмотр места происшествия» білім алу бағдарламасы бойынша сертификаттар табыс етті.

Р.А.Медиев

ҒЗжРБЖҰБ бастығы,

(PhD) докторы

полиция майоры