2019 жылғы 5 қазанда ҚР ІІМ. М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтындакәсіби және қосымша білім беру факультетінде Патрульдік полиция бөлімшелерінің басшыларына арналған «Халықпен тиімді қарым-қатынас тәсілдерін көпшілік алдында сөйлеуді оқыту» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстарын бітірді. Аптаның ішінде қызметкерлер заңнамалық өзгерістерді зерттеп, біліктілік пен кәсіптік дайындық дағдыларын жетілдірумен қатар, азаматтардың әртүрлі санаттарымен қалай қарым-қатынас жасауды, қарым-қатынас мәдениеті және этикет талаптарын, тек ауызекі сөйлеуге ғана емес, сонымен қатар жазбаша тіл ережелерін үйренді.
Қызметкерлердің сөйлеу мәдениеті және қызметтік қарым-қатынас ережелерінің сақталуы кәсіби шеберліктің маңызды көрсеткіштері болып табылады және жеке қызметкердің де, жалпы полицияның да имиджін қалыптастырады.
Оқу аяқталғаннан кейін ҚР ІІМ. М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы орынбасарының міндетін артқарушысы, полиция майоры Е.Балымов оқутушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыстады.
КжҚБФ оқытушы-әдіскері
полиция майоры
В. В. Хасанова