2018 жылғы 9 наурызда қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен криминалистикалық полигонның ашылуына байланысты «Шерлок Холмс және Доктор Ватсон» интеллектуалдық викторинасы өткізілді. Бұл іс-шараға профессор, медициналық ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі О.Н.Төребаев, институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров, институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова криминалистикалық полигон есігін ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларға төзімділік, көп күш-жігер, және тез арада шығынсыз, сәтті нәтижеге қол жеткізуді тіледі!
«Шерлок Холмс және Доктор Ватсон» интеллектуалдық викторинасына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бірінші курс курсанттары белсене қатысты.
Осы іс-шараның модератор қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.С.Тайшыбаева болды.
Бірінші курс курсанттары криминалистика тарихына қысқаша экскурсия жасап және Шерлок Холмстың қызметі туралы баяндамалар оқыды.
Викторина үш кезеңнен тұрды:
-ғылымның әртүрлі облыстары бойынша тесттер;
-уақытқа сұрақ-жауап;
-қорытындылау.
Курсанттар тамаша білімдерін көрсетті. Іс-шараға шақырылған құзырлы қазылар құрамының мүшелері сөз сөйлеп, алғыстарын айтты.
Курсанттар ғылымның түрлі салалары туралы білімдерін көрсетіп, викторина достық және шығармашылық ортада өтті.
Викторина барысында белсенді пікір алмасу өтті.
Викторинаның қорытындысын шығарғаннан кейін жеңімпаздар грамотамен марапатталды.
ҚПжКриминалистика кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
А.С.Тайшыбаева