Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының заманауи болмыстағы жедел іздестіру заңнамаларын жетілдіру сұрақтары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу туралы

2018 жылғы 28 қыркүйек күні «Негізгі діни ағымдарды зерттеу аясында жедел іздестіру қызметі бойынша оқытуды жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты жұмыстарды, сондай-ақ институттың ҒЗжТКЖ жоспарын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметі кафедрасы мен ғылыми-зерттеу және редакторлық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының аумағында қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының заманауи болмыстағы жедел іздестіру заңнамаларын жетілдіру сұрақтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Аталған конференцияның жұмысына біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары, құқық қорғау органдарының және арнайы органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты, атап айтсақ:

– Әбішев Ринат Рақымғалиұлы — Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті Өзара іс-қимылды және талдауды ұйымдастыру басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны;

– Ахметов Дархан Сағындықұлы — Ақтөбе облысы ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны;

– Құсайынов Доскен Нұрқасымұлы — Шығыс Қазақстан облысы ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты;

– Нурымжанова Марина Советқызы — құрметті қонақ, ІІМ зейнеткері;

– Жұмагазин Талғат — құрметті қонақ, ІІМ зейнеткері;

– Кұдабаева Жұлдыз — Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының магистранты, полиция майоры.

Конференцияның ашылуына байланысты алғы сөз институт бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сулейманова Галия Жанабекқызына берілді.

Пленарлық мәжілісте құқық қорғау органдарының өкілдері, шақырылған қонақтар мен институттың профессорлық-оқытушылық құрамы сөз сөйледі, баяндамалар тыңдалды, негізгі діни ағымдарды зерттеу аясында жедел іздестіру қызметі бойынша оқытуды жетілдірудің өзекті сұрақтары талқыланды.

Конференцияға қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жедел қызметкерлердің ерлігін бір минуттік үнсіздікпен еске алды.

Пленарлық мәжілістің қорытындысымен екі негізгі бағыт бойынша секциялық мәжілістер жүргізілді:

  1. Жедел-іздестіру қызметін жетілдіру сұрақтары.
  2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шеңберіндегі сотқа дейінгі

тергеп-тексеру.

Секциялық мәжілістерде ІІО территориалды жедел қызметтеріндегі жедел-іздестіру қызметін жетілдірудің және де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шеңберіндегі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзекті сұрақтары талқыланды.

Өткізілген пленарлық және секциялық жұмыстарды ескере отырып, конференцияға қатысушылармен әдістемелік нұсқаулар талқыланды және дайындалды, олар алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ оқу мекемелерінің оқушыларына оқу үрдісінде және ІІО территориалдық жедел қызметтерінің қызметкерлеріне қолданылатын болады.

Бұл конференцияның аяқталуына байланысты қорытынды сөзден кейін институт бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сулейманова Галия Жаңабекқызы шақырылған қонақтарға конференцияға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Конференцияға қатысушыларға сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді және ұжымдық суретке түсу жүргізілді.

Шақырылған қонақтар институттың профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары көрсеткіштерін атап өтті және алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ІІО-ның аумақтық қызметтері үшін жоғары білікті қызметкерлер дайындауда шығармашылық табыстар тіледі.

 

ЖІҚ кафедрасының доценті,

заң ғылымдарының магистрі

полиция подполковнигі

М.Ж.Найманбаев