2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясындағы «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция табысты өткізілді.
Ғылыми-тәжірибелік іс-шараның ұйымдастырушысы — ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі.
Конференция ІІО-ның қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік-құқықтық қызметі бойынша халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Конференция бағдарламасы бойынша 116 баяндамашы қаралып, олар 6 секцияда және пленарлық отырыста бөлініп тыңдалды.
Пленарлық отырыста Ресей ІІМ Воронеж институтының ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция майоры К.Д.Рыдченко, Ресей ІІМ Воронеж институтының қылмыстық процесс кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы полиция полковнигі И.А.Насонова, Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Е.И. Максименко, Мәскеу қаласы бойынша Ресей ІІО-ның Оңтүстік-Батыс әкімшілік округі бойынша Ішкі істер басқармасының сараптамалық-криминалистикалық орталығының маманы, сарапшы, полиция аға лейтенанты А.В.Козлов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері А.Н.Ахпанов, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.О. Шакенов, Ақтөбе қаласының №2 сотының тергеу соты А.С. Адилова, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі А.А. Иманиязов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жалпы заңгерлік кафедрасының доценті, PhD докторы, кіші әділет кеңесшісі Р.А.Медиев сөз сөйледі, сонымен қатар, Ресей ІІМ Ростов заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ю. Терехов және өзге оқу мекемелері мен ұйымдарының өкілдері онлайн-режимде тікелей эфирде сөз алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерімен қатар, шетелдік қонақтар да секция модераторлары болды.
Сонымен қатар, «Құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері» секциясының жұмысы барысында Ресей ІІМ Ростов заң институтының қызметкерлері, атап айтқанда, әкімшілік құқық кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі А.Н.Осяк, әкімшілік құқық кафедрасының доценті полиция подполковнигі Р.А.Пестов, әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Д.И.Поликарпов баяндамаларын онлайн-режимде тікелей эфирде ұсынды. Сонымен бірге, екі жақты тікелей байланыс орнатылды: конференция мүшелері тек баяндамашыларды тыңдаумен шектелмей, ғаламтор жүйесі арқылы оларға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Конференция жұмысына институт қызметкерлері мен қонақтар ғана емес, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары да атсалысты.
Конференцияның қорытындысы бойынша көрнекті ғалымдардың — ғылым қызметкерлерінің, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдары қызметкерлерінің, мамандар мен сарапшылардың, оқытушылардың, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құқықтанушы ғалымдарының, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Украина, Тәжікстан Республикасы ЖОО-ның жас ғалымдарының, адъюнктарының, ізденушілерінің, докторанттарының, магистранттарының, мамандарының ғылыми мақалаларын қамтыған материалдар жинағы шығарылды. Материалдарда құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері, Қазақстан Республикасында және шетелдік мемлекеттерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары, құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы, қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және денешынықтыру даярлықтарын жетілдіру, заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет туралы баяндалады.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыным дайындалып, қорытындылау кезеңінде бірауыздан келісіліп, бекітілді.
Конференцияның соңы институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевтің алғыс сөзімен аяқталды, ол іс-шара қатысушылары мен қонақтардың алдағы ғылыми қызметтеріне табыс тіледі. Іс-шараны қорытындылауда қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
РБЖ тобының инспекторы
полиция аға лейтенанты
Ш.У.Смагулова