Дәріс сабағы 1 «Б» курсының 101 – оқу тобында «Қылмыстық құқық бұзу-шылықтың субъектісі» тақырыбы бойынша өткізілді.
«Жылдың үздік оқытушысы»конкурсына қатысу үшін өткізіліп отырған ашық дәріс сабағына жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова, күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқару-шы полиция подполковнигі А.А.Салимов, білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімініңбастығы полиция подполковнигі Е.Е.Төребеков, оқу – әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры Д.Мұқанова және институттың профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.
Г.Н.Тоқпанбетова дәріс сабағын өткізу барысында интерактивтік әдіс – тәсілдерді кеңінен қолданды, қаралып жатқан әрбір сұрақтар бойынша слайдтар және бейнероликтер көрсетті, тәжірибелік мысалдар келтірді.
Өткізілген ашық дәріс сабағын талқылаудың қорытындысы бойынша институттың профессорлық – оқытушылық құрамы тиісті оқу – әдістемелік деңгейде өтті деп бағалады. Кафедраның аға оқытушысы полиция капитаны
Г.Н. Тоқпанбетова «ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының2017 жылдың үздік оқытушысы» атағын тағы да дәлелдеді.