2019 жылғы 12 наурызда кафедраның апталығы аясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.Ш.Айметов семинар сабағын өткізді.
Семинар сабағы 2А курсының 201- оқу тобында «Орташа қауіпсіз мекемелерде қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету (кәмелетке толмағандар үшін)» тақырыбы бойынша өткізілді.
Семинар сабағына жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигіИ.Н.Аяпбергенов және институттың профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.
Семинар сабағын өткізу барысында оқытушы топтық әдіс, қаралып жатқан әрбір сұрақтар бойынша сұрақ – жауап әдіс –тәсілдерін қолданды.
Өткізілген ашық семинар сабағын талқылаудың қорытындысы бойынша институттың профессорлық – оқытушылық құрамы семинар сабағы өз мақсатына жетті деп бағалады.