2019 жылғы 13 наурызда кафедра апталығы және ғылыми зерттеу жұмысы аясында, «Қылмыстық атқару құқығы пәнін оқытуды жетілдіру» тақырыбы бойынша Ақтөбе қаласы Астана аудандық ҚАЖД қарасты пробация қызметімен бірлескен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты осы пробация қызметінің қызметкерлерімен қалайда курсанттарға жақсы білім беру жағдайларын қарастыру, соның ішінде, пробация қызметінің қызметкерлерімен өзара тәжірибе алмасу, курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибеде нақты жұмыс орнына барғанда заңды қолдануға дағдыландыру.
Осы тақырыпқа байланысты талқылауға белсенді қатысқандар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қарасты Ақтөбе қ. Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Қ.М. Абдуалиев, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж. Сейтенов, кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Н. Аяпбергенов, кафедра профессоры з.ғ.к. А.О. Қуанов, кафедра доценті з.ғ.к. Ф.Ғалым, кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.Ш. Айметов, кафедра оқытушысы полиция подполковнигі М.С. Кумакбаева және кафедра оқытушысы полиция майоры А.Б. Жаманов.
ҚҚжК кафедрасының бастығы
полиция полковнигі
А.Ж. Сейтенов