Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арасындағы меморандумға және «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының оқу сабақтарын өткізу жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 24 сәуірде қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А. Ж. Сейтенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің алдын алу бөлімінің бас маманы Н.З.Қалдыбаевты біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына өткізілген «Халықпен тиімді коммуникация әдістеріне оқыту, шешендік өнер, БАҚ байланысы» атты семинарға практикалық қызметкер ретінде қатыстырды.
Сабақ біліктілікті арттыру курстарында кестеге сәйкес, ЖПҚ бастығы мен ЕӨҚ әкімшілік жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін өтті.
«Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбы бойынша семинар шеңберінде «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар ұғымы», «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері» мәселелері қаралды.
Н.З.Қалдыбаев біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына ҚР қылмыстық заңнамасының оған қатысты жаңалықтарын, сондай-ақ ІІО-да сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар туралы жеткізді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеуді тікелей ұйымдастыруға және қандай да бір жағдайларда жедел әрекет етуге қатысты өзекті мәселелер қызу талқыланды.
Кафедра бастығы
полиция полковнигі
А. Ж.Сейтенов