Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты онлайн байланыс жүйесінде Ресей ІІМ Уфа заң институты өткізген «Қылмысқа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық құралдары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан кіріспе құттықтау сөзді ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева айтты.
Аталған іс-шараға Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясының, Қырғыз Республикасы ІІМ милиция генерал-майоры Э.А.Алиев атындағы академияның, Ресей ІІМ Волгоград Академиясының, Ресей ІІМ Қазан заң институтының, Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей ІІМ Нижегород академиясының, Башқұртстан Республикасы бойынша Ресей ЖОФҚБ-ның, Башқұрт мемлекеттік университетінің Құқық институтының және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алексей Александрович Алимпиев «Проблемы применения институтов соучастия и стадий совершения преступления при квалификации массовых беспорядков» тақырыбында баяндама жасады.
Әрбір баяндама қызу талқылаумен және қатысушылардың пікірлері мен ұстанымдарын негіздеумен байланысты ғылыми пікір таластармен сүйемелденді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға жылы қабылдаулары үшін ізгі тілектерін білдіріп, бір-біріне мазмұнды да, қызықты өткізілген іс-шара үшін алғыс айтты.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі А.Қ.Каримбаева