2019 жылдың 01 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қысқартылған білім бағдарламасы бойынша білім алған бітіруші түлектерінеалғашқы «Полиция лейтенанты» арнаулы атақтары беріліп, дипломдар табысталды.
Салтанатты шараға ҚР Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі, Қазақстан РеспубликасыІІМ-нің құрметті ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген милиция полковнигі К.А.Жұмашев, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы ӘҚКИ бастығы полковник Ә.Ә.Ибраев, Ақтөбе қаласының әкімдігі жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Табылғанов, Ақтөбе заң институтының Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.А.Сюняков,Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың немересі Бөкенбаева Дина Болатқызы, институт ардагерлері және ата-аналар қатысты.
Институт бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбеков курсанттарды алғашқы «Полиция лейтенанты» арнаулы атағымен құттықтап, алдағы қызметтерін абыроймен орындауға сәттілік тіледі. Салтанатты шара барысында түлектер институт туымен тізе бүгіп, тағзым етіп қоштасты. Диплом беру рәсімі аяқталған соң, жеке құрам салтанантты шерумен жүріп өтті. Шара қонақтары түлектерді құттықтап қуанышты сезімде тарқасты.