Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша атқарылған жұмыс

2017 жылғы 26 қазанда қоғамда «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру негізінде 2017 жылға арналған ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С.Ә.Төлеев Ақтөбе қаласы № 40 орта мектептің он бірінші сынып оқушыларына дәріс сабағын жүргізді.

Дәріс сабағын жүргізу барысында «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша брошюралар, буклеттер пайдаланылып, естелікке таратылды.

 

ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

С.Ә.Төлеев