2017 жылғы 15желтоқсанда қоғамда құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру негізінде 2017 жылға арналған ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес ЖІҚ кафедрасының доценті полиция подполковнигі М.Ж.Найманбаев және ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция майорыС.Ә.Төлеев Ақтөбе қаласы № 38қазақ орта мектебінің он бірінші сынып оқушыларына, сонымен қатар Ақтөбе политехникалық колледжінің 1 және 2 курс студенттеріне дәріс сабағын жүргізді.
Дәріс сабағын жүргізу барысында құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша брошюралар, буклеттер пайдаланылып, естелікке таратылды.
ЖІҚ кафедрасының доценті
полиция подполковнигі
М.Ж.Найманбаев