Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғарғы колледжінің студенттерімен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын» талқылау бойынша кездесу өткізілгендігі туралы

2018 жылдың 5 желтоқсанында әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды. Кездесуді әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.С.Махмутов ашып, барлық мемлекеттік қызметкерлер Елбасы саясатын қолдауға міндетті екендіктерін, сол себепті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және  аталған Жолдаудың жүзеге асырылуына белсенді қатысу жұмыстарының қажеттілігіне тоқталып өтті.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының барлық тармақтары, Қазақстан Республикасы Президентінің халық бірлігінің идеологиясын қалыптастыру саясатының маңыздылығы түсіндірілді. 
Кездесу соңында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Е.Қ.Балымов студенттерге акт залында насихаттау ролигін, мұражайды, ғылыми бөлімді, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасын көрсетіп, институт аумағында саяхат жүргізді.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
С.Р.Калипова
   
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
А.С.Махмутов

 
IMG_1766