Біздің институт пен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ арасында қол қойылған меморандум аясында 2019 жылғы 5 қараша күні«Құқықтық тәртіп» оқу орталығында «Заңдылық, құқықтық және қоғамдық тәртіптің түсінігі, арақатынасы, жалпы сипаттамасы» тақырыбында аталған оқу орнының студенттеріне арналған кезекті дәріс өткізілді. Аталған іс-шараға институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы, полиция майоры Е.К.Балымов, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі М. Избасов, оқу-әдістемелік орталықтың оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.А.Өмірзақова қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке тұру шарттары туралы, сондай-ақ дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.