2017 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті көтеру, күш пен ептілікті жоғарылату, сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметінің оң имиджін және позитивті жақтарын қалыптастыру.
Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары жарыстың ережелерімен және төрешілік жұмыстарымен таныстырды.
Осы жарыста жеңіске жеткендердің қатарында ер балалар арасында 1-ші орынды АБОК 1-оқу тобының тыңдаушысы Байжанов Руслан, 2-ші орынды 1 курс 101-оқу тобының курсанты Орынбасаров Дастан және 3-ші орынды 1 курс 101-оқу тобының курсанты Мирханұлы Елшіхан иеленді. Қыздар арасында 1-ші орынға 1 курс 103-оқу тобының курсанты Жақсылықова Ұлболсын, 2-ші орынға 1 курс 104-оқу тобының курсанты Айғалқа Айгерім және 3-ші орынға 1 курс 101-оқу тобының курсанты Оңғарова Әсем ие болды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және медальдармен марапатталды.
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Ж.Қ. Қаирбаев