Курс басшылығының бастамасы бойынша 2018 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 1 «Б» курс курсанттары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Ол планетада ең танымал спорт түрлерінің қатарына кіреді және 900 миллионнан астам жанкүйерлерге ие.
Жарыстың мақсаты – курсанттар арасында табысты оқу үрдісін және оқудан тыс іс-шаралар үшін ыңғайлы психологиялық атмосфераны құру және нығайту. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды 101 оқу тобының курсанты Д.Тешебаев, 2-ші орынды 102 оқу тобының курсанты С.Ергалиев, 3-ші орынды 102 оқу тобының курсанты Т.Қанатов иеленді.
1 «Б» курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Н.Т.Нурманбетов