Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыбын түсіндіру жұмысытары

2018 жылдың 18 қаңтарында оқу-әдістемелік орталығы, КОФ және курстық буынмен бірлесіп, 1 “А” курсының 102 оқу тобына мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың жаңа мақаласы шығуына байланысты мақаланы түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.
Түсіндіру жұмыстың мақсаты – курсанттарды Мемлекет басшысының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласымен және қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру. Курсанттарға Ұлт Көшбасшысының халық тарихын сақтау және “тарих тарихын жаңарту”, ұлт жетістіктерін, қазақ халқының құндылықтарын насихаттау қажеттілігі туралы мақаласынан алынған негізгі дәйексөздер жеткізілді.
Мемлекет басшысының жаңа мақаласын талқылай отырып, курсанттар оның өзектілігін, атап айтқанда әрбір қазақстандық Қазақстанның ұлы қайраткерлерін, жетістіктерді, ескерткіштерді, тарихи орындарды білуі, сондай-ақ өткенді зерделеп, болашаққа ұмтылуы тиіс екендігін түсінді. Мемлекет басшысының мақаласын зерделеу іс-шараға қатысушыларға бағыт берді, ол білім алушылардың өз халқына, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін және мемлекет алдында қойылған міндеттерге қол жеткізуін тудырды.

ОӘО аға оқытушысы-әдіскері
полиция капитаны
Р.Молдыбаева

 
IMG_3294