2019 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын, 2018 жылғы 05 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМК әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Алтай Тайжанұлы Тайжанов пен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Елкейұлы Даулеталин Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына келді.
Институт бастығы Айдар Мүтәлікұлы Сайтбековтың бастауымен кездесу институттың акт залында өткізілді. Кездесу барысында институт бастығы қонақтарды келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен құттықтап, Президент бастамалары туралы айтты. Әрі қарай қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа бастамаларын түсіндіріп, профессор «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша қойылған курсанттардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу естелік фотоға түсумен аяқталды.
ТЖБ инспекторы
полиция капитан
З.А.Мухангалиева