Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНЫ МАЛКЕДЖАР БӨКЕНБАЕВТЫҢ ЕРЛІГІН ҰЛЫҚТАУ

Өз елінің патриоты болу-

бұл Қазақстанды өз жүрегіне сыйдыру!

Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырудың ең бірінші шарты ұлттық мәдениетімізді, ұлттық кодымызды сақтап қалу деп баса айтқан болатын.

Осыған байланысты ауыспалы құрамның бойындағы патриоттық тәрбие мен рухани мәдениетті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  курс басшылары мен топ кураторларының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 7 қарашада 2 курс курсанттары Кеңес Одағының батыры, Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе заң институтына есімі берілген Малкеджар Бөкенбаевтың жерленген жеріне барып қайтты.

Патриоттық тәрбиені жаңғыртудың мақсаты жастардың бойындағы перзенттік парызды, туған жерді қорғауға дайындығын, Отанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, елдің тұтастығы мен бірлігін нығайту мәселелерін шешуде нақты қадамдарға баруды көздейді.

Патриоттық тәрбие беруде біздің ер жүрек батырларымыз, Ұлы Отан соғысының қаһармандары, өз заманымыздың әскери қолбасшылары, тарихта есімі алтын әріптермен жазылған тұлғаларымыздың ерлік істері маңызды рөл атқарады. Олар біз үшін Отанымыздың шынайы батырлары болып қалатындықтан, олардың ерліктеріне сай әрекет етуге ұмтылатын боламыз.

ІІ курс бастығы

полиция майоры

Н.Кажигалиев

 
03156134