Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНДЕ ӨТКЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Ағымдағы жылдың 7-10 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында офицерлік, ерікті жалдамалы құрамға және 2 курстың курсант қыздарына Әйелдер кеңесінің төрағасы  «Тілек картасы» тақырыбында семинар-треннинг өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – өз өіңді бар болмысыңмен қабылдай білу, жақыныңды қолдау, ұжымның психологиялық ахуалына жақсы жағынан әсер ету, бірігіп жұмыс жасау, бірігіп мақсатқа қол жеткізу, қоршаған ортаны позитивті қабылдау.

Семинар-тренинг өткізу барысында келесідей сұрақтар түсіндірілді: өмірлік мақсаттарды дұрыс қоя білу, өмірде өз өзіңді қабылдау, мақсатыңа қол жеткізу, ойыңдағы жұмысқа қол жеткізу, өмірлік серігіңді дұрыс таңдау, қаржы жағдайында жетістікке жету, түрлі елдерге саяхатқа шығу, жылжымайтын мүлік алу. 

Аталмыш тренингтің өзектілігі  әрбір әйел адам өз бақытын, махаббатын табуы, сонымен қатар, сүйікті балаларын тәрбиелеуі болып табылады. Бұл жерде түсінісушілік, жетістікке қол жеткізу, дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, ал ең бастысы, барыңа қанағат қылу және соны көбейте білу туралы сұрақ туындайды.

Сонымен бірге, жетістікке жетудің келесідей сұрақтары да қарастырылды, яғни ол – сәттілік, жақындарыңа қолдау көрсету, таңданыс, ойының дұрыстығы, мақсаттарды қоя білу және беделді қызметкер болу.

 
03156199